Дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллект қолдану ұсынылды

Бүгін, 11:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллект қолдану ұсынылды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында медициналық құжаттарды толтыру процесін автоматтандыруға бағытталған Ascle стартап жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Біз дəрігерлерге арналған ЖИ жүйесін құрудамыз, ол: дəрігердің пациентпен диалогын тіркейді, сөйлеуді таниды жəне тіркейді, оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады; алынған деректерді алғашқы қабылдау картасына жəне медициналық картаның негізгі бөлімдеріне автоматты түрде толтырады. Содан кейін алынған ақпарат контекстіне сəйкес оңтайлы емдеу мен тағайындауды ұсына отырып, алдын ала диагноз қояды», - деді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев.

Оның айтуынша, жүйе медициналық құжаттаманы жүргізуге кететін уақытты 50%-ға қысқартады, дəрігерге науқаспен тікелей байланысқа басым уақыт бөлуге көмектеседі, клиникаға пациенттерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі стартап 38 клиникада жəне еліміздің төрт өңірінде сынақтан өткізілген.

Еске сала кетейік, Қазақстанда шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады.