Референдум-2026

Creative Aimaq көрме жәрмеңкесінде ШҚО-ның үздік жергілікті брендтері таныстырылады

Creative Aimaq көрме жәрмеңкесінде ШҚО-ның үздік жергілікті брендтері таныстырылады
Фото: Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

25–26 шілде күндері Creative Aimaq креативті индустриялар көрме жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнер, мәдениет пен туристік әлеуетін таныстырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Шығыс өңірі таланттарымен танысып, жаңа жергілікті брендтерді ашып, креативті атмосферадан шабыт алуға шақырады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынады:

- театрландырылған қойылым;

- Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары;

- Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі;

- балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар;

- интерактивті VR-аймақтар;

- Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны.