Бүгін 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

8 қаңтар, 2026
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Бүгін 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

9 өңірде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 08, тәулік бойы 09 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.