Бүгін 14 наурыз - Көрісу күні

Бүгін 14 наурыз - Көрісу күні
Сурет: ЖИ

Бүгін наурыз айында дәстүрлі түрде өтетін Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – «Көрісу – Амал мерекесі», деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, өткен жылғы өкпе-ренішті кешіріп, барлық келеңсіздікті артта қалдыруға тырысады. Наурыз мейрамының жаршысы саналатын бұл күні көптен көріспеген дос-жаран, туған-туыс, ағайын бір – бірінің үйіне барып амандық-саулық сұрасады. «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп жылы тілектер айтылып, жаңа жылға ізгі ниетпен қадам жасалады.

Дәстүр бойынша, әулеттің жастары үлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем беріп, ақ батасын алады. Бұл үрдіс үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. Көрісу күні отбасы мен ағайын арасындағы татулықты арттырып, адамдарды бірлік пен сыйластыққа үндейтін ерекше күн.

Еске сала кетсек, Көрісу күні елордадағы ашық алаңдар мен саябақтарда Наурыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады