06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман барған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр. Биыл 37 миллион оқырман кітапханаға барған.

Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық», - делінген хабарламада.

Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген.

Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды. Соңғы айларда қазақ классикасына және ұлттық философиялық әдебиетке қызығушылық айтарлықтай артқан.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗