Биыл Астанада қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады
Бас қаланы газдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда Астанада 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған, деп хабарлайды elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» тұрғын массивтерін қосып, қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе ауылдарына газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылады.
Министрліктің мәліметінше, қазір елімізде 13 миллион адам газға қол жеткізген. Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетті.
2025 жылы 94 ауылға табиғи газ жеткізіліп, 354 мың тұрғын қамтамасыз етілді. Биыл тағы 40 газдандыру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізеді. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау мен Жетісу өңірлерін қамтиды.
Қосымша тауарлық газ көлемін қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынып жатыр. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделген. Екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу қарастырылған, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, елімізде автогаз құю стансалары газгольдерді жер астына орналастыруға міндеттеледі.