Автогаз құю стансалары газгольдерді жер астына орналастыруға міндеттеледі

Автогаз құю стансалары газгольдерді жер астына орналастыруға міндеттеледі
Фото: drive2.ru

Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газбен қамту мәселелері бойынша мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю стансаларының шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр.

«Заң жобасында көгілдір отын бекеттерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, жаңадан ашылатын автогаз құю стансаларын ауқымды ыдыстарды жер астына орналастыруға міндеттеу, ал жұмыс істеп тұрған стансаларды 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына көшіруді міндеттейтін өтпелі кезең белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ, көлік құралдары мен тұрмыстық газ баллондарын заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады», делінген хабарламада

Еске сала кетсек, Мәжіліс газбен жабдықтау және тауарлық газды ұқыпты тұтыну мәселелері бойынша депутаттар бастамашы болған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.