«БАЙТАҚ» партиясы Жаңа Конституциясы жобасын қолдады

Бүгін, 13:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«БАЙТАҚ» партиясы Жаңа Конституциясы жобасын қолдады
Фото: facebook.com/baytaqpartiyasy

Астанада «Байтақ» жасылдар партиясы Саяси кеңестің кеңейтілген пленарлық отырысын өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жан-жақты талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz партияның ресми парақшасына сілтеме жасап.

Отырыста қазба байлықтарды игеру кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Партияның Саяси кеңесі Ата заң жобасының 8-бабын жаңа тармақпен толықтыруды ұсынып, табиғи ресурстарды пайдалану барысында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Экология және адам денсаулығы» ұғымын Конституциялық құндылық ретінде бекіту және оны елдің тұрақты дамуының негізі деп тану ұсынылды.

«Біз жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы мәселелерінің алғаш рет тікелей ұштасуын маңызды әрі уақыт талабына сай шешім деп бағалаймыз», - деді партия төрағасы Азаматхан Әміртаев,

«БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Конституция жобасын толығымен қолдайды және оны кеңінен қоғамдық түсіндіруді жалғастырады.