Баянды Сахария: Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл ғұмыры елге қызмет етудің, ұлттың санасын оятудың үлгісі болды

Баянды Сахария: Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл ғұмыры елге қызмет етудің, ұлттың санасын оятудың үлгісі болды
Фото: Баянды Сахарияның әлеуметтік желі парақшасынан

Бүгін – ұлт ұстазы, ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ұлы тұлғаның рухани мұрасы мен елге сіңірген еңбегі туралы Астана қаласы әкімдігінің бірлескен музейлер дирекциясы директорының орынбасары Баянды Сахария айтып берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Астана ақшамы» газетіне сілтеме жасап.

- Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл ғұмыры елге қызмет етудің, ұлттың санасын оятудың және білім мен ғылымды алға қоюдың үлгісі болды. Ол қазақ әліпбиін жасап, тіл білімінің негізін қалады, ағартушылық жолында аянбай еңбек етті. Ең бастысы, ұлттың болашағы білімді, ойлы әрі саналы ұрпақтың қолында екенін өз ісімен дәлелдеді.

Ахмет атамыздың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Елге қызмет ету үшін ең алдымен жауапкершілік, табандылық және туған жерге деген шынайы жанашырлық қажет.

Ұлт ұстазының еңбегі мен өнегесі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін. Оның есімі де, ел үшін атқарған ұлы ісі де халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құтты болсын! - деді ол.