Азат Перуашев Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды ұсынды

Бүгін, 17:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Азат Перуашев Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды ұсынды
Фото: Конституциялық Сот

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституцияда меншік нысандары институтын кеңейту туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ақ жол» партиясы атынан жаңа Конституция жобасының 8-бабының 1-тармағын келесі редакцияда баяндауды ұсынамын: «Қазақстан Республикасында меншіктің барлық түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады».

Бұл норма экономиканың дамуына, бизнес, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастардың күшеюіне оң ықпал етіп, барлық меншік түрін қолдау мен қорғауды білдіреді деп сенімдіміз», - деді депутат.

Бұған дейін Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітілетінін айтқан болатын.