11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстаннан көшіп кеткен немістердің қазақша сөйлеген видеосы көпшілікті таң қалдырды

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстаннан көшіп кеткен немістердің қазақша сөйлеген видеосы көпшілікті таң қалдырды

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Германияға 25 жыл бұрын қоныс аударған этникалық немістердің ұлттық киім киіп, қазақша сөйлеп тұрған видеосы жұртты тәнті етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Желіде тарағанда видеода олар өздерін таныстырып шықты. 

«Өзім ауылда, Қазақстанда тұрдым. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу ауылынанмын»,- деді азаматтардың бірі. 

Екіншісі 25 жыл бұрын Қарағанды қаласынан Германияға көшкенін айтты. Олар Қазақстанмен байланысын үзбей, туған жерге жиі келуге тырысатынын жеткізді.

«Қазақстанды ешқашан ұмытпаймыз. Мүмкіндігінше барып тұрамыз. Онда туыстарымыз бен достарымыз тұрады», – деді олар.

Сонымен қатар олар Наурыз мерекесімен құттықтады. 

«Қазақстан наурыз құтты болсын! бәрі аман болсын, Қазақстан, алға!» – деп ізгі ниеттерін жеткізді.

Желі қолданушылары видеоға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр. 

«Жақсылықты ұмытпайтын халық», «Қарағанды облысындағы немістер қазақша біледі», «Керемет адамдар», «Қазақ деп соққан жүректен айналдық», «Қазаққа деген сый-құрметтеріңізге рақмет»,,- деп жазуда олар.

 

@qazaq_eli_news

 

♬ оригинальный звук - qazaq_eli_news

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗