13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте 4 алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте 4 алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандастарымыз төрт алтын медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Артур Гафнер (найза лақтыру) иеленді. Одан бөлек жерлестеріміз әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская) алтын медальға ие болды.

Күміс жүлдегер атанғандар: Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру), Ирина Конищева (жетісайыс).

Қола медаль иегерлері: Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру).

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗