Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
26 наурыз, 2025
Фото: akorda.kz
31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.
Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2026
Қазақстан Қытайдағы халықаралық көрмеде тау-кен әлеуетін таныстырды
11 қыркүйек, 2026
Түркі елдерінің прокуратуралары цифрлық ортадағы есірткі бизнесіне қарсы күресте күш біріктірмек
11 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
11 қыркүйек, 2026
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті