Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трейсимен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялықтар Оливия Николлс - Анри Паттенмен өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.
Небәрі 57 минутқа созылған бәсекеде Данилина - Трейси 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ұлыбританиялықтар 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. Осылайша, қазақстандық теннисші бір күнде екі кездесуін жеңіспен тәмамдады.
Анна Данилина - Джеймс Трейси ширек финалға шығу үшін канадалық Лейла Фернандес - аустралиялық Ник Кирьоспен таласады.
Бұдан бұрын Анна Данилинаның жекелей сында ширек финалға өткенін жазғанбыз.