Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз аппараты Жамбыл облысына штаттан тыс қонды

Бүгін, 11:00
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз аппараты Жамбыл облысына штаттан тыс қонды
Фото: Қорғаныс министрлігі

2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.

Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.