18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда мал ұрлығына қарсы шара басталды: базар тексеріліп жатыр

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда мал ұрлығына қарсы шара басталды: базар тексеріліп жатыр

|
Photo: polisia.kz

Атырауда мал базарлары мен ет өнімін сататын нүктелер тексерілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырауда полицейлер заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарларында ауқымды тексеріс жүргізуді бастады. Рейд барысында жануарларға арналған құжаттардың болуы, санитарлық нормалардың сақталуы, сауда ережелері мен малды ұстау шарттары бақыланып жатыр.

«Басты мақсаты — мал ұрлығының алдын алу, тұтынушылар құқығын қорғау және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою», - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзған 150-ден астам тұлғаны жауапқа тартқан. Ал мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 411 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, республика көлемінде 17-19 қараша аралығында мал ұрлығының жолын кесу, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтап, ұстау және жауапкершілікке тарту бағытындағы «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗