25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда кеміргіштер көбейді: облыста арнайы комиссия құрылды

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атырауда кеміргіштер көбейді: облыста арнайы комиссия құрылды

|
Photo: freepik.com

Атырау облысында кеміргіштердің көбеюіне байланысты зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өңірдегі обаға қарсы күрес станциясының басшысы Лариса Нұрмағамбетованың сөзінше, Атырау қаласына іргелес ауылдарда, сондай-ақ Махамбет ауданында тышқан тұқымдас кеміргіштердің көбеюі анықталған.

Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, бұған күннің жылылығы мен кеміргіштердің қарқынды түрде көбеюіне қолайлы жағдай туғызған былтырғы су тасқыны себеп болуы мүмкін.

Обаға қарсы станция ауланған зиянкестерде инфекциялық аурулардың бар-жоғын жүйелі тексеріп отыр, бүгінге дейінгі зертханалық талдаудың барлығы теріс нәтиже көрсеткен.

Зиянкестермен күрес және олардың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен комиссия құрылған. Оның құрамына обаға қарсы станция, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармалары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, Махамбет аудандық әкімдігі және дезинфекция ұйымдары кірген.

Бүгінде Махамбет ауданында екі мамандандырылған ұйым жұмыс істеп жатыр. Қайрат Нұртаевтың тапсырмасымен «Ақжайық» табиғи резерватынан трактор бөлінген. Жайық өзенінің жағалауы 0,5-1 метр тереңдікте тазартылып, улау жұмыстары жүргізілуде. Зиянкестер ошағы анықталған ауылдар осы әдіспен толық өңделеді.

Кеміргіштермен күреске тағы төрт ұйым тартылмақ: оның екеуі – Атырауда, екеуі – Махамбет ауданында. Қала аумағындағы улау шаралары Жайық өзенінің екі жағалауында да – Береке және Қайыршақты ауылдық округтері маңында жүргізіледі.

«Жедел штабтың негізгі мақсаты – зиянкестер шоғырланған ошақтардың көзін жою, популяциясын азайту және таралуының толық алдын алу. Қауіпті сейілту үшін жұмысты дереу бастау керек. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өңірдегі ірі кәсіпорындарда дератизация жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырдық», - деді Қайрат Нұртаев.

Мамандардың пайымынша, удың әсері 7-10 күнде байқалуы тиіс. Дератизацияда пайдаланылатын препараттардың адамдар мен үй жануарларына зияны жоқ және санитарлық нормаларға сай қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗