Астаналық педагог «Таза Қазақстан» идеясын шығармашылығымен дәріптеп жүр
Астана қаласындағы №33 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әлімжан Мұхамеджанов «Таза Қазақстан» жобасын қолдап, мектеп аумағын көркейтуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қолынан түрлі өнер келетін шебер ұстаз мектеп қабырғасына «Таза Қазақстан» идеясын бейнелейтін сурет салып, пайдалануға жарамсыз пластик бұйымдардан сәндік ағаштар жасап, білім ордасын ерекше шығармашылық кеңістікке айналдырып жүр.
Педагог бұл бастамасы арқылы оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, тазалықты сақтаудың және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаланудың маңызын көрсетіп келеді.
Осындай шығармашылық жұмыстар мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.