Астаналық парадзюдошы: Бұл реформа – әділетті әрі инклюзивті болашаққа жасалған қадам

Бүгін, 15:40
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астаналық парадзюдошы: Бұл реформа – әділетті әрі инклюзивті болашаққа жасалған қадам
Фото: Ерғали Шамейдің жеке парақшасынан

Астаналық парадзюдошы Ерғали Шәмей әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Конституция — ел тәуелсіздігінің құқықтық тірегі, азаматтардың бостандығы мен теңдігін қамтамасыз ететін басты құжат. Заңға құрмет — мемлекетке құрмет. Көру қабілеті шектеулі адамдар үшін Конституция – жай қағаз емес. Бұл – спортқа, қалаға, өмірге тең қолжетімділік. Конституциялық реформа адам мен оның қадір-қасиетін алдыңғы орынға қояды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл формалды қолдау емес, нақты жағдай мен тең мүмкіндік. Спорт күресуді, беріспеуді үйретеді. Мемлекет те әр азаматының құқығын дәл осылай қорғауы керек. Бұл реформа – баршаға ортақ, әділетті әрі инклюзивті болашаққа жасалған қадам», - деді Парадзюдодан Париж Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамей.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғанын жаздық.