Астанада жылыту маусымына дайындық күшейтілді: үйлерге датчиктер орнатылып жатыр
Астанада 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үйлеріне иіс газы датчиктері орнатылып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың үйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Профилактикалық шаралар барысында тұрғын үйлерге иіс газы датчиктері орнатылып, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.
Тұрғындарға жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызы түсіндіріліп, өрттің алдын алу және адам өмірін қорғауға бағытталған қажетті шаралар ескертілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам өмірін қорғау.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырады.
Бұған дейін Астанада тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткенін жаздық.