18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жұмысшы мамандықтарға арналған форум өтті

|
Photo: Elordainfo.kz/Жансая Таңырқұл
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада жұмысшы мамандықтарға арналған форум өтті

|
Photo: Elordainfo.kz/Жансая Таңырқұл

Елордадағы «Astana Polytechnic» Жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар форумы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оған Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм, «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Ақерке Искандерова, QazaqGaz ұлттық компаниясының техникалық директоры Уәлихан Қымбатов және т.б. қатысты.

Алдымен шақырылған қонақтар колледж ішіне экскурсия жасап, тыныс-тіршілігімен танысты.

«Қазір біз оптикалық талшықты жүйелер зертханасында тұрмыз. Мұнда радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттері білім алады. Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда байланыс саласы қарқынды түрде даму үстінде. Сондықтан бұл өте өзекті мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Бүгінде интернет оптикалық талшықты кабельдер арқылы жұмыс істейді. Сол оптикалық талшықтарды монтаждау, абоненттерді (интернет пайдаланушыларды) интернетпен қамтамасыз етеді. Бұзылған ақауларды қалпына келтіреді», - деді колледж оқытушысы Саяхат Әділбек.

Экскурсиядан соң спикерлер форумға қатысып, астаналық студенттерге жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Қазіргі таңда бізде студенттерге арналған форум өтуде. Бұл форумда осы мамандықтың өкілдері келіп жатыр. Форум арқылы жастар мамандық бойынша пайдалы ақпарат алады. Мәселен, мен - Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті электроэнергетика мамандығының 2-ші курс студентімін. Бүгінгі отырыста алған маңызды ақпараттарды алдағы уақытта пайдамызға жаратамыз деген ойдамын», - деді «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Сұңғат Жеткіргенов.

Арсланбек Мағзұмның айтуынша, бүгінде технология дамыған сайын нақты кәсіпті білетін, қолынан іс келетін, техниканы түсінетін, жауапкершілік алатын адамға сұраныс та арта береді.

«Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін осындай форум ұйымдастырылды. Соның аясында бүгін біз алдымен Metal Former зауытына бардық. Мұнда зауыттың таныстырылым жұмыстары өткен болатын. Кейін «Astana Polytechnic» Жоғары колледжінде техникалық мамандықтарда оқитын жастармен кездесіп жатырмыз. Бүгінгі іс-шараға ұлттық компаниялардың  жетекшілерін арнайы шақырттық. Олар біздің жастарымызға мотивация беруде. Жалпы осындай кездесулер бүкіл республика бойынша өткізіп жатырмыз. Мұндағы мақсат – осы салада білім алатын студенттерге мотивация беру, бірлесіп жоспарларды жүзеге асыру. Сонымен қоса, олардың тың идеяларын тыңдау және оларды іске асыру», - деді «Жастар рухы» жастар қанатының Астана қаласы бойынша төрағасы, Астана қалалық мәслихат депутаты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗