Астанада зейнеткерлер мен жастар арасында шахмат турнирі өтті

Бүгін, 21:08
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада зейнеткерлер мен жастар арасында шахмат турнирі өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада Есіл ауданының зейнеткерлері «Времена года» тұрғын үй кешені тұрғындарымен бірлесіп, шахмат турнирін өткізді. Мерекелік іс-шара аула клубтарын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын қолдауға арналған, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнир ересектер мен жастардың басын қосып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты. Ең кішкентай қатысушы 8 жастағы аула тұрғыны болды. Төреші Мерғалым Нұрымов пен ұйымдастырушы зейнеткерлер ойын барысын мұқият қадағалап, әділ бағалау жүргізді.

Іс-шара ардагерлердің қолдауымен ашылған «Бірлік» клубында өтті. Жеңімпаздар Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы атынан алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталды.

Бұған дейін елордада әуесқой хоккейшілер арасында ASTANA ICE CUP турнирі ұйымдастырылғанын жаздық.