Биыл халықаралық пікірталас алаңында «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқыланады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысу үшін елордаға келген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына және делегация жетекшілеріне ілтипат білдірді.
Мәртебелі меймандар қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян, Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев және тағы да басқа лауазымды ресми тұлғалар бар.
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
28 мамыр, 2026
Фото: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2026
Президент 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
27 қазан, 2026
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
27 қазан, 2026
Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды
25 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты