Референдум-2026

Астанада Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» креативті жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 17:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» креативті жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Ұлытау – қазақ мемлекеттілігінің алтын қазығы, ұлт тарихының тамыры тереңде жатқан қасиетті өлке. Осы киелі мекеннің бай тарихи-мәдени мұрасы бүгін креативті индустриялар арқылы жаңа мазмұнда ұсынылуда. Елордаға өңірдің шығармашылық әлеуетін таныстыру үшін 60 креатор арнайы келді», делінеді хабарламада.

Айта кетейік, екі күн бойы келушілер авторлық зергерлік бұйымдармен, ұлттық қолөнер туындыларымен, кескіндеме жұмыстарымен, құрақ өнерімен және Ethno Fashion топтамаларымен танысып қана қоймай, бірегей шығармашылық өнімдерді тікелей шеберлерден сатып ала алады. Сонымен қатар былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық, зергерлік және ұлттық музыкалық аспап жасау өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Еске салсақ, елордада 18-19 шілде күндері «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы даладан туған өнер» көрме-жәрмеңкесі өтеді.