Референдум-2026

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін, 12:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды
Фото: olympic.kz

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы омниум дисциплинасында Андрей Чугай (Ақмола облысы) топ жарды. Екінші орынға Данияр Шаяхметов (Солтүстік Қазақстан облысы) ие болса, Дмитрий Резанов (Астана) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, ел біріншілігі 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі.

Бұған дейін қазақстандық үстел теннисшілер WTT Feeder турнирінде күміс жүлде жеңіп алғанын жаздық.