Қазақстандық үстел теннисшілер WTT Feeder турнирінде күміс жүлде жеңіп алды
Ел құрамасының өкілдері Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қазақстандық үстел теннисшілер ерлер арасындағы жұптық сында күміс медаль жеңіп алды.
Турнир барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ, Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық жұп Ресей спортшылары Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда өткен халықаралық турнирде Қазақстандық үстел теннисшілері екі медальға ие болды.