Астанада референдумға дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін, 08:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада референдумға дайындық мәселелері талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қаласындағы Достық үйінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әлидің төрағалығымен «Әділетті және прогрессивті Қазақстан үшін» атты республикалық этномәдени бірлестіктердің жалпыұлттық жиыны өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын және алдағы республикалық референдумға дайындық мәселелерін талқылады.

Форумға Парламент депутаттары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары, жастар және волонтерлік ұйымдар, этномедиация институттарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Отырыс барысында республикалық референдумға дайындық кезеңінде Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді қолдауы мен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ерекше атап өтілді. Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар және волонтерлік ұйымдардың қатысуымен 700-ге жуық іс-шара өткізіліп, конституциялық реформаның негізгі қағидаларын түсіндіруге бағытталған 3 мыңнан астам материал жарияланған.

Қатысушылар республикалық референдум өткізуді қолдайтындарын білдіріп, дауыс беруге белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, конституциялық реформалардың уақтылы жүзеге асырылып жатқанын айтып, оның Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға және мемлекеттің орнықты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Еске салайық, жалпыұлттық коалиция өкілдері «Теплотранзит» АҚ қызметкерлері, энергетика саласы өкілдерімен жаңа Конституция жобасы аясында мазмұнды кездесу өткізді