Астанада қаламгерлер Конституция жобасын талқылады

Бүгін, 11:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада қаламгерлер Конституция жобасын талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің төрағалығымен Конституцияның жаңа нұсқасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарын, ел дамуының болашағын, шығармашылық еркіндік пен сөз бостандығы мәселелерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті талқылады.

Сондай-ақ елдің басты құқықтық құжатының мазмұнына қатысты бірқатар ұсыныстар мен тұжырымдар айтылды.