«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Нұра ауданы прокуратурасы велосипед ұрлығының алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жаз басталысымен велосипед ұрлығы артады. Көп жағдайда мұндай құқық бұзушылықтың орын алуына дүкендердің, сауда ойын-сауық орталықтарының, тұрғын үйлердің кіреберістерінің және өзге де қоғамдық орындардың маңында мүлкін қараусыз қалдыратын иесінің салғырттығы себеп болады.
Бейнероликте мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі сақтық шаралары, сондай-ақ ұрлық жасаудың құқықтық салдарлары түсіндірілген.
Прокуратура бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық екенін және бас бостандығынан айыруға дейінгі жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды өз мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға және сенімді қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырады.
Астанада прокуратура велосипед ұрлығының алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындады
19 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
9 қараша, 2026
Баласы көлікті былғаған: жолаушыларды балағаттаған такси жүргізушісі 7 тәулікке қамалды
9 қараша, 2026
Айыппұл 86 мың теңге: Астана полициясы жүргізушілерге қыс алдында ескерту жасады
9 қараша, 2026
Астанада лифт есігін сындырған ер адам 5 тәулікке қамалды
9 қараша, 2026
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардан 226 млн теңгеден астам қаржы өндірілді