Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік Open Air концерті өтеді

Бүгін, 10:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік Open Air концерті өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік Open Air концерті өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік концерт «Астана Арена» стадионы алаңында ұйымдастырылады.

Сахнада Маржан Арапбаева, Raim, BAYANSULU, Досымжан Таңатаров, ABYROI тобы, Қайрат Баекенов, DOS, DiEra триосы, JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

10:00-ден бастап мерекелік жәрмеңке, дәмді тағамдар, балаларға арналған ойын-сауық ұйымдастырылады.

Ал 19:00-де Open Air концерті басталады.

Бұған дейін Астанада Отан қорғаушылар күні қалай аталып өтетінін жаздық.