06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада LRT пойызы қызметкерлерін оқытуға қабылдау жүргізіледі

|
Photo: CTS
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада LRT пойызы қызметкерлерін оқытуға қабылдау жүргізіледі

|
Photo: CTS

«City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін бірқатар лауазымдарға қызметкерлерді қабылдау жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олар:

1.      Станциялардың ауысым басшылары;

2.      Станция кезекшілері;

3.      Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;

4.      Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;

5.      LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;

6.      Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының сигнализация техниктері;

7.      Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының байланыс техниктері;

8.      Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының электр монтерлері;

9.      Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының жол жөндеу учаскесінің шеберлері;

10.    Жылжымалы құрам орталығының жабдықтарды жөндеу слесарьлары;

11.    Қойма меңгерушілері.

Жеңіл рельсті көлік жүйесінде жұмыс істейтін болашақ қызметкерлерді оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және ҚХР өткізіледі.

Курстың ұзақтығы – мамандыққа байланысты 4 айдан 6 айға дейін. Оқыту аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мақсаты – пойыздардың жүргізушісіз қозғалысын, сенімді байланысты және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық LRT басқару жүйесінде жұмыс істей алатын білікті қазақстандық мамандарды даярлау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

-        жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар);

-        кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

(біліктілік талаптары «cts.gov.kz» сайтында орналастырылған)

Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа орналасқаннан кейін – лауазымға байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі белгіленеді.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: https://cts.gov.kz/ru

Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗