Астанада LRT іске қосылғалы 1 миллион жолаушы мінді
LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қала әкімінің айтуынша, күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.


«LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін.
Сол сияқты LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды. Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT көлік карталарын қайдан алуға болатынын жаздық.