06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Конституция күні мен Абайдың 180 жылдығы қатар тойланды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Конституция күні мен Абайдың 180 жылдығы қатар тойланды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы Жетісу паркінде Қазақстан Республикасы «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығы мен «Өнерпаз ұрпақ» ҚҚ бірігіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған «БІЛІМ ФЭСТ» атты іс-шараны ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс-шара Конституция күні мен Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттауға арналған ерекше оқиға болды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық сана мен рухани тәрбиені өскелең ұрпаққа жеткізу.

Көрме аясында келушілерге қазақтың қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдері таныстырылды. Қолөнершілер мен шеберлер өз туындыларын көрсете отырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ жастар мен ата-аналар арасында Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне арналған пікірталас өтті. Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сұқбат жүргізілді.

«Бүгінгі іс-шарада ұлттық құндылықтардың барлығы да жарқырап тұр. Әсіресе, қазақтың қолөнері мен киімдерін көріп, жастарымыздың осы құндылықтарға қызығушылығы артқанын байқадым. Бұл өте маңызды және пайдалы іс-шара», - деп атап өтті музыуа пәнінің мұғалімі Ұмсынай Сырымбекова.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗