Референдум-2026

Астанада көлік жүргізу құқығы жоқ 18 адам анықталды

Бүгін, 11:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада көлік жүргізу құқығы жоқ 18 адам анықталды
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астанада жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының профилактикасына бағытталған «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жүргізушілердің заңнама талаптарын сақтауын, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау қағидаларының орындалуын тексеруде.

«Тексеру қорытындысы бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың 112 фактісі анықталды.

Сонымен қатар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамауға байланысты 200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді.

Бұдан бөлек, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуінің 18 фактісі анықталды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астана полициясы жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.