Астанада келесі жылы Smart City жобасы іске қосылады
20 желтоқсан, 2024
Фото: Астана қаласы әкімшілігі
Бұл жоба зияткерлік бейнебақылау жүйелері арқылы қаладағы қауіпсіздікті 100%-ға қамтымақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жоба арқылы жол қозғалыс ережелері бұзушылықтары талданады. Smart City жасанды интеллектті пайдалана отырып, қалалық инфрақұрылымды кешенді басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында 22 мың камера мен 1200 жылдамдық өлшегіші орнатылмақ», - деді Ж.Қасымбек.
Қала әкімі Smart City жобасы келесі жылдың басында іске асатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
«Әкелер одағы» цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі жайлы талқылады
13 маусым, 2026
Астанада Creative Aimaq жобасы аясында Ақмола облысының креативті жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылды
13 маусым, 2026
Астанада зейнеткерлердің маусымдық би кеші өтті
13 маусым, 2026
Елордада грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды