Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды

Бүгін, 15:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды
Фото: freepik.com

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалалық Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақтелекоммен» бірлесіп, 160 және 165 нөмірлері арқылы жұмыс істейтін Call-орталықтарға қоңырау түскен кезде интернет-алаяқтық түрлері туралы аудиоескерту іске қосылды.

Алаяқтықтан сақтану үшін:

- SMS-кодтарды бөгде адамдарға хабарламаңыз;

- Құқық қорғау органдары атынан жасалатын жалған қоңырауларға сенбеңіз;

- Ақшаны «қауіпсіз» немесе «сақтандыру» шоттарына аудармаңыз – мұндай шоттар жоқ.

Құқыққа қарсы әрекеттерге тап болсаңыз, «102» нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды инвестиция саласындағы алаяқтардан сақ болуға шақырған болатын.