Астанада есірткі таратқан екі студент сотталды
Астанада 19 жастағы екі студент Telegram мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға келіспеуге шақырады.
Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Еске сала кетейік, Астанада полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты рейд жүргізіп жатыр.