Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«10 наурызда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне қатысты) байланысты екінші ауысымның 0-8-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін елордада ауа температурасы -6, -8°C болады. Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с-ге жетуі мүмкін.