Астанада екі қабатты ғимарат өртенді – ВИДЕО

Бүгін, 14:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада екі қабатты ғимарат өртенді – ВИДЕО
Фото: ТЖМ

Астанада Жайылма көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ашық жану байқалды.

Өрт өршіп кеткен», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғарғы дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанатынын ескертті.