Астанада қар тазалауға 300-ден астам жұмысшы шықты
15 қараша, 2024
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елорданың коммуналдық қызметтері қаладағы қар тазалығымен күндіз-түні айналысады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
14 қарашада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника мен 300-ден астам жұмысшы шықты.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 240 мың текше метрден астам қар жеткізілді.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары, орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттарын, аялдамалар мен тротуарларды да тазалауға аса мән беріледі, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
23 тамыз, 2026
iKOMEK109 орталығы тұрғындардың 18 млн өтінішін қабылдап, өңдеді
23 тамыз, 2026
Астананың бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, бұршақ және қатты жел
22 тамыз, 2026
Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды