Астанада 5 қаңтардан бастап кезекші ХҚКО өзгереді
Елордада 5 қаңтардан бастап кезекші ХҚКО өзгереді, деп хабарлады Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
«Құрметті қызмет алушылар! 3 қаңтардан бастап Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Қарағанды қалаларында, Ұлытау облысында, сондай-ақ 5 қаңтардан бастап Астана қаласында кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгеретінін хабарлаймыз.Еске саламыз, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады», - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілгенін жаздық.