Астана қаласының Технологиялық колледжінде ерекше балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Астана қалалық мәслихатының депутаты, Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің директоры Ляззат Разбекова білім беру мекемесінің ұжымымен бірге колледжде білім алып жатқан «Bolashak Charity» қорының ерекше балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп Elordainfo.kz.
Мерекелік кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Балаларға көрсетілген ықылас пен құттықтаулар қамқорлық пен қолдаудың маңызды белгісіне айналды.
Технологиялық колледжде ерекше балалар үшін жайлы әрі қолдаушы орта қалыптастырылған. Мұнда әрбір білім алушы өзін құрметтелген, қабылданған және назардан тыс қалмаған сезінеді. Оқу орнының ұжымы балалардың әлеуетін ашуға, өзіне деген сенімділігі мен мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтуға ерекше көңіл бөледі.
«Бұл балалар -жай ғана біздің білім алушыларымыз емес. Олар колледж өмірін шынайылықпен, жылулықпен және ерекше өмірлік энергиямен толықтырады. Біз олардың өздерін қолдауда, қамқорлықта және мүмкіндіктеріне деген сенімде сезінетін ортаны қалыптастыруға тырысамыз. Ерекше балалардан адалдықты, рухтың мықтылығын, өмірге қуана білу мен қандай жағдай болмасын алға ұмтылуды үйренуге болады. Біздің міндетіміз- олардың жанынан табылып, әлеуетін ашуға көмектесу», -деп атап өтті Ляззат Разбекова.