Астана қаласы мәслихаты төрағасы Токиода өткен әлем чемпионаты жеңімпаздарын құттықтады
Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Токиода өткен киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсіміне қатыстым. Қалалық федерацияның президенті Иманжүсіп Ақпомбаевпен бірге Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін, рух күшін және мінезін көрсеткен спортшыларды құттықтадық.
Әрбір өнер көрсетудің артында жылдар бойғы тынымсыз жаттығулар, қатаң тәртіп және жаттықтырушылар мен бүкіл команданың үлкен еңбегі тұр. Чемпиондардың қалыптасуында шешуші рөл атқаратын бапкерлер мен ата-аналарға ерекше алғыс білдіреміз», - деді Т.Зейнұлқабден.
Ол, сондай-ақ, жүлдегерлер қатарында жас спортшылардың көп болуы отандық киокушинкайдың мықты резерві мен жарқын болашағын көрсететінін айтты.
Еске салайық, бұдан бұрын Астанада мәслихат депутаттары округ тұрғындарымен есептік кездесулерін аяқтағанын жаздық.
Айта кетейік, Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы, екінші орынды жарысты ұйымдастырған елдің құрамасы, ал үшінші орынды қазақстандық каратистер иеленді.