Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуін түсіндірді

Бүгін, 10:56
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуін түсіндірді
Фото: Астана әуежайы

Бүгін Астана әуежайында әртүрлі жағдайларға байланысты 11 рейс кешікті, деп хабарлады Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты — мұзды жаңбыр жауып тұр. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауда», - деп жазылған әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Рейстер бойынша қазіргі жағдай:

Ұшып келуге:
• Кешіктірілгені — 11 рейс
• Тоқтатылғаны — 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты)

Ұшуға:
• Кешіктірілгені — 4 рейс.



«Кідірістердің негізгі себебі — қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі. Жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жаздық.