Әсет Иманғали: Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі

Әсет Иманғали: Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі
Фото: facebook.com/asset.imangaliev

Белгілі театр және кино актері Әсет Иманғали жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша жасалған жаңа Конституция жобасы ресми түрде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл құжат құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейтіп, азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Сол себепті жаңа Конституция жобасын талқылау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз әрі азаматтық парызымыз», – деп жазды Әсет Иманғали Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың жаңа Конституциялық жобада зияткерлік еңбекті қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгенін айтқанын жазған боллатынбыз.