Референдум-2026

Астана армандарыма бір қадам жақындататын қала – Малика Абжанова

Астана армандарыма бір қадам жақындататын қала – Малика Абжанова
Фото: Малика Абжанованың жеке архиві

Астана күніне орай каратэден WKF спорт шебері Малика Абжанова елорда тұрғындары мен барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Астананың өз армандарына жетелеген, спорттық шыңдалуына жол ашқан ерекше қала екенін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Каратэші қыз жұртшылықты Астана күнімен шын жүректен құттықтады.

- Бұл мереке – еліміздің өсіп-өркендеуінің, бірлігі мен жарқын болашағының символы. 
Спортшы ретінде мен үшін Астана – тек еліміздің жүрегі ғана емес, күн сайын армандарыма бір қадам жақындататын қала. Дәл осы жерде жаттығып, жарыстарға қатысып, спортшы ретінде де, тұлға ретінде де шыңдалып келемін.

Спорт маған еңбекқорлықты, табандылықты және өз күшіңе сенуді үйретті. Елордамызда спорттың дамуына жасалып жатқан мүмкіндіктер бізді жаңа белестерді бағындыруға, еліміздің абыройын халықаралық ареналарда көтеруге жігерлендіреді,-деді Малика Абжанова.

Ол елордамыздың мерейі артып, көркейе беруіне тілектес екенін жеткізді.

- Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бірлік пен толағай табыс тілеймін.

Әр күніміз жаңа жетістіктерге, жеңістерге және игі бастамаларға толы болсын!
Астана күні құтты болсын, - деді ол.