Арман Исағалиев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Исағалиев бұған дейін Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінде болды.
Ол 1972 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін (1994), Сиди Мұхаммад бен Абдалла университетін (Марокко), Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институтын (1996) бітірген.
1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы.
1995-1999 жж. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері
2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Мсыыр Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы
2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс
2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі
2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі
2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы
2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы.