Ақмола облысындағы ірі су қоймалары 100%-ға толды

Бүгін, 15:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысындағы ірі су қоймалары 100%-ға толды
Фото: видеодан скриншот/Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Ақмола облысында көктемгі су тасқынының шарықтау кезеңі аяқталды. Соның нәтижесінде өңірдегі ірі су қоймалары 100%-ға толды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазір су қоймаларында жалпы 670 млн текше метр су жиналды. Атап айтқанда, Астана су қоймасында 412,82 млн текше метр, Сілетіде 230 млн текше метр, ал Шағалалыда 28 млн текше метр су бар.

Биыл Ақмола облысының ірі өзендері бассейндерінде көктемгі су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін 6,3 млрд текше метр су жіберілгені туралы жаздық.