Ақмола облысында Magic Burabay қысқы маусымы басталды

Бүгін, 10:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында Magic Burabay қысқы маусымы басталды
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Бурабай курорты қысқы маусымның ресми ашылуын атап өтті. Жаңа Magic Burabay тұжырымдамасы барлық жастағы қонақтарға арналған жаңажылдық сиқыр, жайлылық пен белсенді демалыс атмосферасын біріктіреді, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм индустриясы комитетіне сілтеме жасап. 

Маусым аясында туристердің жайлылығы үшін жаңа жобалар іске қосылды: курорттың ақпараттық аралшықтары «Хан Шатыр» СОО-да және Астана халықаралық әуежайында жұмысын бастады, ал Щучинск қаласының вокзалында заманауи Vizit-орталық ашылды. Бұл локацияларда курорттағы демалыс мүмкіндіктері, алдағы іс-шаралар және қысқы маусымның ерекшеліктері туралы ақпарат алуға болады. Ақпараттық кеңістіктің форматы шетелдік қонақтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, белсенді демалыс түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.

Қонақтар үшін негізгі қысқы локациялар дайындалды: Жұмбақтас жартасы, курорттың Визит-орталығы, Бурабай кентінің орталық алаңы және «Қазақстандық Лапландия». Мұнда мұз айдындары, қар сырғанақтары, фотозоналар жұмыс істейді, балалар мен отбасылық белсенділіктер, сондай-ақ Санта-Клаус, бұғылар және хаски иттерінің қатысуымен экскурсиялар өткізіледі. Маусым бойы шаңғы жарысы, «Burabay Ice» жүгіру жарысы және қысқы балық аулау фестивалі сияқты спорттық және ойын-сауық шаралары жоспарланған. Мерекелер қарсаңында жолдың өзінде ертегі атмосферасын сыйлайтын «Астана – Көкшетау» бағытындағы жаңажылдық пойыз вагоны да іске қосылды.

Еске салайық, бұдан бұрын әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтынын хабарладық.