Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
Кей өңірлерде электрмен жабдықтаудың болмауына қатысты Энергетика министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 тамызда энергетикалық жүйеде қуаттың күрт артуы орын алып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болды. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлеріндегі тұтынушылар ажыратылды.
Қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Кей өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді», делінген хабарламада.
Министрлік жағдайдың бақылауында екенін атап өтіп, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы толық ақпарат қосымша хабарланатын мәлімдеді.